Білім саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Дайындық бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
Білім беру бағдарламаларының тобы
B070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары
БББ мақсаты:
Республикалық және халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес тоқыма және былғарыдан жасалған сән индустриясы бұйымдарының дизайны мен технологиясы саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Кәсіптік қызметте экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздерін білуді қолданады
Кәсіби қызмет саласында заманауи техникамен, ақпараттық, цифрлық технологиялармен және жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді
Киім индустриясы саласындағы кәсіби мәселелерді шешуде жаратылыстану пәндерінің негізгі заңдарын, математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолданады
Текстиль және былғарыдан жасалған киімнің химиялық технологиясы саласындағы қолданбалы есептерді шешудің физика-химиялық әдістері туралы білімдерін көрсетеді
Шығармашылық және техникалық ойлауға, түстану қағидаттарына, композицияға, сондай-ақ сәнді және тарихи костюмді талдауға негізделген киім үлгілерінің эскиздерін әзірлейді
Ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, материалдардың, былғары, үлбір және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының және дене бітімдер типологиясының сапа көрсеткіштерінің жай-күйі мен серпініне талдау жүргізеді
Киім индустриясының кәсіби қызметінде ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін білуді қолданады, академиялық адалдық мәдениеті, ғылыми этика қағидаларын ұстана отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін, ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында өмір қауіпсіздігін, еңбекті қорғау стандарттарын және экожүйелер мен қоғамның тұрақты даму стратегиясын қамтамасыз етуді басқарады
Утилитарлық-техникалық, көркемдік-эстетикалық, гигиеналық, экономикалық параметрлерді ескере отырып, бұйымдардың жобалық-конструкторлық құжаттамасын дайындайды, бұйымның дизайн-жобасының сәйкестігіне авторлық бақылауды және өнімді нарықта ілгерілетуге жәрдемдесуді жүзеге асырады
Матадан және бейтоқыма материалдар, трикотаж, үлбір, былғарыдан жасалған киімді, сондай-ақ аяқ киімдерді, аксессуарларды және былғарыдан жасалған бұйымдарды құрастыру, макеттеу, дайындау, безендіру бойынша классикалық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып кәсіби қызметті жүзеге асыру қабілетін көрсетеді
Киім, аяқ киім, үлбір, тері және түрлі мақсаттағы былғары галантерея бұйымдарын өндірудің технологиялық процестерін басқарады
Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи технологиялық жабдықтардың әртүрлі түрлерін тиімді пайдаланады
Дәстүрлі және дәстүрлі емес материалдардан тігін өндірісін жобалау, тігін бұйымдарын, былғары киімді, аяқ киімді, аксессуарларды және былғары галантереяны жобалау және дайындау кезінде өндірістік жүйелерді автоматтандыру, цифрландыру саласындағы білімді қолданады
Ассортиментті, қызмет көрсету сапасын басқару, ұйымдастыру және жоспарлау дағдыларын қолданады және кәсіпорындардың шығаратын өнімдерінің сапасын бақылауды жүзеге асырады
Жеңіл өнеркәсіп пен сән индустриясының бәсекеге қабілетті бұйымдарын (киім, аяқ киім, үлбір және былғары бұйымдары) жасауға және Қазақстан Республикасы халқының бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз етілуіне бағытталған жобалау-конструкторлық, өндірістік, инновациялық қызмет
Тігін бұйымдарын құрастыру:
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында технологиялық процестерді дайындау және ұйымдастыру:
тігін бұйымдары, аяқ киім, былғары, үлбір, былғарыдан жасалған галантерейлік бұйымдар, жобалау және модельдеу процестері, сондай-ақ компьютерлік технологияларды қолдана отырып, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірудің технологиялық процестері;
нормативтік-техникалық құжаттама және стандарттау жүйелері, сынау әдістері мен құралдары, жеңіл өнеркәсіп материалдары мен бұйымдарының сапасын бақылау.
Оқыту бағытына лицензия нөмірі
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №4 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы